Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай өткізілетін «Қазақ Ханшайымы - 2011» / Всемирный конкурс красоты «Қазақ Ханшайымы - 2011» / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены.












Всемирный конкурс красоты «Қазақ Ханшайымы - 2011»



Конкурс состоит из ІІI туров. І-тур. Областные, региональные конкурсы. ІІ-тур. Республиканский конкурс. 21-мая. ІІІ-тур. Супер-Финал всемирного нациоанльного конкурса «Қазақ Ханшайымы - 2011», в сентябре 2011 года в городе Астане с участием победительниц региональных, республиканских состязаний.

Блог kh
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай өткізілетін «Қазақ Ханшайымы - 2011»

Ұлттық жәдігерлер мен рухани құндылықтарды басты мұратқа айналдырған «Jado продакшн» компаниясы мен «Нұр Отан», «Жас Отан» жастар қанаты «Заңғар» шығармашылық бірлестігі - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай өткізілетін «Қазақ Ханшайымы - 2011» атты дүниежүзілік қазақ қыздарының ұлттық байқауын ұйымдастырады.



«Қазақ Ханшайымы» қазақ қыздарының дүниежүзілік ұлттық сұлулық байқауының республикалық сайысы – қазіргі қазақ қыздарының ең үздік образы мен бейнесін іздейді.

Басты мақсаттары:
– Қазақ қыздарының аяулы да сұлу болмысын, бүгінгі рухани келбетін дәріптеу;
– Ұлт дәстүрі мен мәдениетін бойына жинақтаған ақылына көркі сай қазіргі қыздарын елімізге насихаттау;
– Қазақ қыздарының тілі мен дінін, ұлттық руханияты мен мәдени мұраларын сүюге, құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеу;
– Ана тілінің қайнар бұлағына сусындаған, ұлтының өнері мен әдебиетін бойына жинақтаған, зерделі де зерек аруларымыздың образын халыққа көрсету;
– Қазақ Қызының бейнесін, образын әлемдік аренаға шығару;
– Қоғамдағы қазақ аруларының белсенділігін, имиджін, құндылықтарын арттыру, дамыту;
– Мемлекетіміздегі жастар саясатына қолдау білдіру, патриоттық, елдік, отаншылдық сезімдерді биіктету.

Байқаудың талаптары.

«Қазақ Ханшайымы» республикалық ұлттық сұлулық байқауына 16 мен 22 жас аралығындағы, бойы 165 см. кем емес, (сыртқы формасы сұлулық параметрлеріне сәйкес келуі керек) ақылына көркі сай қыздар қатыса алады. (шашының ұзындығы, сыр-сымбаты есепке алынады)

Байқау шарттары

Байқау ІІІ кезеңнен тұрады.
І-кезең. Аймақтық (қалалық, облыстық) байқаулар.
ІІ-кезең. 21-мамырда Республикалық ұлттық сұлулық байқауының финалдық айналымы.
ІІІ-кезең. «Қазақ Ханшайымы» республикалық ұлттық сұлулық байқауының жеңімпаздарының және шет елдік үміткерлердің қатысуымен шілде айында Астана қаласында өтетін «Қазақ Ханшайымы» І-ші дүниежүзілік ұлттық байқауының супер-финалы.

«Қазақ Ханшайымы» республикалық ұлттық сұлулық байқауының финалдық айналымы 4-кезеңнен (тур) тұрады.
(Байқаудың көркемдік және эстетикалық қажеттіліктеріне байланысты 4-кезеңнің талаптары ауысуы және қосымша шарттар енгізілуі мүмкін)

1-тур. «Сәлем сөздің - Атасы». (Өзін-өзі таныстыру)
Байқауға қатысушылар өз аймақтарына тән стилде тігілген ұлттық киімдермен сахнаға шығады. Осы 1-турдағы киімдері арқылы «Ең үздік ұлттық киім» номинациясы анықталады.
2-тур. «Қазақ Елі - Атажұртым». (Байқауға қатысушылар батыр қыздардың киімдерінде жауынгерлік, батырлық рухтағы хореографиялық және поэтикалық композицияны орындайды)
Би біткен соң, байқауға қатысушылар өздерінің сөйлеу мәдениетін, тіл техникасын, дикциясын, көркемсөз шеберлігін көрсету үшін ақын Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын» поэмасынан, М.Мақатаев, Қ.Мырза-Әлі өлеңдерінен поэтикалық композиция жасайды.
3-тур. «Мен қазақ қыздарына қайран қалам». (Кешкі сән көйлегінен дефиле және ақыл-парасат сыны). Дефиле кезінде қыздардың сыр-сымбаты сынға түсіп, «ең үздік сән көйлегі» номинациясы анықталады. Дефиле біткен бойда, байқауға қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.
4-тур. «Қазақ қызы - шаңырақ шырақшысы». (Хореографиялық композиция)

Би біткен соң, қыздардың ритм мен музыканы сезінуі, дауыс тембрі, әнді орындау мәнері сынға түседі. Халық әнін капелла болып орындайды.

Байқаудың қазылар алқасы

Байқауға есімі елге белгілі қоғам қайраткерлері, ұлтымыздың мақтанышына айналған белгілі тұлғалар, сондай-ақ халықаралық және әлемдік ареналарға шыққан модельер, стилист, продюссер, дизайнер, фотосуретші, сәндік агенттіктердің менеджерлері қазылық жасайды.

Қазылар алқасы байқауға қатысушыларды 10-балдық жүйемен бағалайды. Ең жоғарғы балл – 10, ең төменгі – 5 балл.
Байқауға қатысушылардың міндеттері.
Ұйымдастыру алқасы байқауға қатысушыларды Алматы қаласында тұратын қонақ үйі мен күтіп алу, тегін жүріп-тұру, мәдени шараларға қатысуларын өз міндетіне алады.

Байқау барысында өтетін мәдени және қайырымдылық шараларына барлығына да ат салысуы тиіс. Үміткерлермен кәсіби мамандар - режиссерлер, хореогроф-балетмейстерлер, фото және телеоператорлар, визажисттер мен сәндеушілер, дизайнерлер жұмыс жасайды. Сондықтан әзірлік кезеңдеріне үлкен табандылық пен ықыласпен қатысуы керек.

Байқаудың жүлде қоры

«Қазақ Ханшайымы» республикалық ұлттық сұлулық байқауының жүлде қоры ұйымдастыру алқасы мен демеушілердің қаржыларынан құралады.

Бас жүлде «Қазақ Ханшайымы-2011» атағы, таза күмістен жасалынған тәжі, диплом, белгі.
І-жүлде «Қазақ Ханшайымы» - дипломы мен белгісі
ІІ -жүлде «Қазақ Ханшайымы» - дипломы мен белгісі,
ІІІ-жүлде «Қазақ Ханшайымы» - дипломы мен белгісі

Ұйымдастыру алқасы:
Алматы қаласы, С.Мәуленов көшесі 129 үй.
«Қазақ Ханшайымы» қоғамдық қоры
Тел.: + 7 (727) 239 10 40, 239 10 40
Үйлестірушілер;
+ 7 (701) 952-21-55 Алмас Смагулов
+ 7 (701) 555-62-58 Самал Смагулова
E-mail: kazakh_khanshaiymy@mail.ru
www.jado.kz


Теги: Байқау, Қазақ, Қазақ қыздары, Қазақ Ханшайымы, Қазақстан, қыздар


автор ответ
Ka Duman
08 Мая 10:54
вход платный? или свободный?
(Ссылка)
Конкурс красоты «Қазақ Ханшайымы - 2011»
12 Мая 11:45
RE:
По приобретению билетов обращайтесь по телефону + 7 (701) 952-21-55 Алмас Смагулов
(Родитель)  (Ссылка)